Геннадий Головкин туралы әлем жұлдыздарының пікірлері
Бүгін кәсіпқой бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) 34 жасқа толды.
Назарларыңызға Геннадий Головкин туралы әлем жұлдыздарының айтқан пікірлерін ұсынамыз.
Леннокс Льюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы:
«Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин».
Ронда Роузи, UFC чемпионы:
«Мен Головкин-Котто жекпе-жегін көргім келеді. Геннадий – менің досым, мен ылғи Геннадийға жанкүйермін. Сондай-ақ, оның кіші Мейвезерге қарсы жекпе-жек өткізгенін қалаймын».
Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы:
«Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді».
Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы:
«Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал, қазір, маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы».
Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы:
«Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді».
Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы:
«Геннадий Головкин Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы».
Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы:
«Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы - жас Майк Тайсон».
Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы:
«Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды».
Кен Хершман, HBO президенті:
«Меніңше Геннадий Головкин бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын».
Фредди Роуч, америкалық бапкер:
«Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы бірақ, оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне (Геннадий) HBO телеарнасы қызығушылық танып, түсіріп жүр. Демек, ол әлемнің мықты боксшыларының бірі».
Владимир Кличко, украиналық боксшы:
«Меніңше Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді».
Роберт Гарсия, танымал америкалық бапкер:
«Мен Геннадийдің жанкүйерімін. Ол жуырда PPV жұлдызына айналады. Оған сенімдімін».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05