Бүгін қазақстандық боксшылар 5 олимпиадалық лицензия иеленді
Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирі өтіп жатыр.
Бүгін жарыстың жартылай финалдық бәсекелері аяқталды. Турнирдің бұл кезеңінде 64 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов, +91 келіде Иван Дычко және қыздар арасынан 75 келідегі Дариға Шәкімова жеңіске жетіп, Рио Олимпиадасына жолдама иеленді.
Ал, 52 келіде бақ сынаған Олжас Сәттібаев пен 56 келіде сынға түскен Қайрат Ерәлиев лицензия үшін әлі жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасында 49 келіде Біржан Жақып, 60 келіде Берік Әбдірахманов, 69 келі салмақта құрама капитаны Данияр Елеусінов пен 91 келідегі Василий Левит Рио Олимпиадасының жолдамасын иеленген.
Финалдық бәсекелер 1 және 2 сәуір күндері өтеді. Барлық жекпе-жектерді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05