Головкин менеджері: Сондерстің командасы нақты жауап бермей жатыр
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы 26 жастағы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс WBA (Super), IBF және WBC (Interim) чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинмен 1,5 жылдан кейін бірақ шығатынын мәлімдеген. Алайда біраз уақыттан кейін ол Головкинмен қазір де кездесуге дайын екенін жеткізді. Оның сөзінше барлық мәселе оның менеджерлеріне байланысты.
Осы жағдай бойынша Г.Головкиннің менеджері Олег Германн AllBoxing.Ru сайтына берген сұхбатында жауап берген.
«Біз бір апта бұрын Сондерске 2016 жылдың сәуір айына байланысты жақсы ұсыныс жасадық. Алайда олардың адамдары нақты жауап бермей отыр. Ол біресе 18 айдан кейін шығамын деді, біресе шаршы алаң дәл қазір шығуға әзір екенін айтты. Ал, Сондерстің промоутері оның демалыс уақытына кеткенін айтты. Сондықтан нақты шешім қабылдау үшін оны күту керек. Жалпы, барлығы бір-біріне сілтеп, нақты жауап айтпай отыр.
Сонымен қатар, бізде IBF тұжырымы бойынша міндетті қарсылас Туреано Джонсон бар. Бірақ басқа да нұсқаларды қарастырудамыз», - дейді Олег Германн.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Ертеңгі эфир кестесі
14.06.2026, 18:30
Футболдан Әлем чемпионаты: Ертеңгі эфир кестесі
13.06.2026, 18:00
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
13.06.2026, 06:00
Ресми: Жозе Моуринью «Реал Мадридке» оралды
12.06.2026, 15:00
Бернарду Силва «Реал Мадрид» ойыншысы атанады
12.06.2026, 13:10
Қытайдағы Әлем кубогына қатысатын боксшылар тізімі белгілі болды
12.06.2026, 12:00
Футболдан Әлем чемпионаты АҚШ пен Парагвай ойнады
12.06.2026, 11:30
Футболдан Әлем чемпионатында қолданылатын жаңа ережелер
12.06.2026, 10:30