Біржан Жақыпов «AIBA Pro Boxing» жобасының чемпиондық жекпе-жегінде ұтылып қалды
Чемпиондық жекпе-жек Қытайдың Гуйян қаласында өтті.
«AIBA Pro Boxing» жобасының чемпиондық жекпе-жегінде 49 келідегі қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов жергілікті боксшы Лю Бинмен жұдырықтасып, 3:0 есебімен есе жіберді.
12 раундқа созылған кездесу 113:115, 111:117, 111:117 ұпайымен қытайлық боксшының пайдасына шешілді.
Айта кетейік, жобаның бірінші маусымында қытайлық боксшы Лю Бин жеңімпаз атанса, екінші маусымда Біржан Жақыпов чемпион болған.
Сондай-ақ, осы жекпе-жек аясында екі қазақстандық боксшы өздерінің рейтингтік кездесуін өткізді.
Алғаш шаршы алаңға 91 келідегі Антон Пинчук көтерілді. Ол румыниялық Драгос Гиониямен жұдырықтасып, 3-раундта техникалық нокаудпен жеңіске жетті.
Антоннан соң 52 келідегі боксшымыз Ілияс Сүлейменов қытайлық Ян Чануға қарсы рингке шықты. Жұдырықтасу кезінде Ілиястың қабағы жарылып, жарысты жалғастыра алмауының себебімен 9 раундта жекпе-жек тоқтатылып, 85:86, 83:88, 83:88 есебімен жеңіс жергілікті Қытай боксшысына берілді.
Еске сала кетейік, «AIBA Pro Boxing» жобасында екі қазақстандық боксшы чемпион атанып, Рио Олимпиадасына жолдама алған еді. Олар 60 келідегі Берік Әбдірахманов пен 49 келідегі Біржан Жақыпов.
Тағы бір айта кететін жайт, Біржан Жақыпов пен Лю Бин арасындағы жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның бұрынғы әнұранын қосып жіберді. Тікелей көрсетілім барысында Біржан Жақыов пен Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов қарсылық танытқанымен, ескі әнұран толық орындалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан жастар арасындағы Futures Cup турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
06.03.2026, 10:03
Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді
05.03.2026, 11:11
Юлия Путинцева WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
05.03.2026, 10:00
Дзюдо: Аустриядағы Гран-приге баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды
04.03.2026, 18:12
Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
03.03.2026, 15:32
Спорттық гимнастикадан Бакуда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды
03.03.2026, 11:21
Қазақстан құрамасы күрес түрлерінен Албанияда өткен турнирді 11 медальмен аяқтады
02.03.2026, 15:03
Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтеді
02.03.2026, 12:35