Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық 1-ші орын иеленді
Бүгін Таиландта бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыста 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленген қазақстандық боксшылар жалпыкомандалық есепте 1-ші орын иеленді. Екінші орынға 2 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде ұтқан өзбекстандық спортшылар шықты. Ал, 2 алтын медаль ұтқан Таиланд құрамасы үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасына алтын жүлдені өзбекстандық Шахобиддин Зоировты жеңген Олжас Сәттібаев (52 келі), филиппиндік Эумир Марсиалды ұтқан Данияр Елеусінов (69 келі), қарсыласы жарақатына байланысты шықпай Азия чемпионы атанған Әділбек Ниязымбетов (81 келі), өзбекстандық Рустам Тулягановтан басым түскен Василий Левит және қытайлық қарсыласын ұтқан Иван Дычко (+91 келі) әкелді.
Ал, финалда моңғолиялық Отгондалай Дорьнямбууға есе жіберген Зәкір Сафиуллин (60 келі) Қазақстанға күміс жүлде әкелсе, 56 келіде жұдырықтасқан Қайрат Ерәлиев қола медаль иеленген еді.
Айта кетейік, Таиландта өткен бокстан Азия чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30