«KAZsport» Роман Жайлауовтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
21 жастағы қазақстандық боксшы Роман Жайлауов 6 маусымда Оңтүстік Африка Республикасында кәсіпқой бокстағы 15-ші жекпе-жегін өткізеді.
Оның қарсыласы – тәжірибелі Луандо Жако (ОАР). Ол кәсіпқой шаршы алаңда 20 жекпе-жек өткізіп, 9-ында жеңіп, 9-ында ұтылып, 2-інде тең түскен. Роман Жайлауов өткізген барлық 14 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, 8-інде қарсыласын нокаутқа түсірген.
8 раундтық жекпе-жек рейтингтік ұпай әкеледі. Сондықтан Роман бұл кездесуге тыңғылықты дайындалып, қарсыласына дайындалғанын айтады.
Еске сала кетейік, Роман Жайлауов-Луандо Жако арасындағы жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы 6 маусымда сағат түнгі 23:30-да тікелей эфирде көрсетеді. Ал, жекпе-жектің қайталауы 7 маусымда сағат 12:00-де көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05