Головкин-Монро бокс кешінде жекпе-жекке шығатын боксшылар белгілі болды
Ертең Инглвудтағы «Forum» (Калифорния, АҚШ) аренасында Головкин-Монро бокс кеші өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен АҚШ боксшысы кіші Вилли-Монро (19-1-0, 6 КО) кездеседі.
Сонымен қатар, бұл кеште тағы үш ойын өтеді. Шаршы алаңға алғашқы болып екінші аса жеңіл салмақ дәрежесінде (52,163 келіге дейін) АҚШ боксшысы Педро Дюран (10-0-0, 7 КО) мен мексикалық Али Гонсалес (6-6-1, 1 КО) шығады.
Осы жекпе-жектен кейін жеңіл салмақ дәрежесінде (53,525 келіге дейін) екі мексикалық боксшы Иван Моралес (27-0-0, 15 КО) пен Данни Флорес (14-6-1, 8 КО) жұдырықтасады.
Ал, Головкин-Монро жекпе-жегі алдында аса жеңіл салмақ дәрежесінде (50,802 келіге дейін) WBC тұжырымы бойын Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Бұл белбеу үшін 42 жекпе-жекте әлі жеңіліп көрмеген никарагулалық Роман Гонсалес (42-0-0, 36 КО) пен мексикалық Едгар Соуза (51-8-0, 30 КО) күш сынайды.
Еске сала кетейік, Головкин мен Монро жекпе-жегі болатын бокс кеші 17 мамырда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 07:00-де басталады.
Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына ғана берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 17 мамырда «KAZsport» телеарнасынан сағат 14:00-де тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05