«Астана арландары» мен «Аrgentina Сondors» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады
Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» мен «Аrgentina Сondors» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады.
49 кг: Жомарт Ержан – Леандро Зарате
56 кг: Қайрат Ералиев – Джонатан Санчес
64 кг: Самат Бәшенов – Лукас Хименес
75 кг: Жәнібек Әлімханұлы – Кристиан Зарате
91 кг: Василий Левит – Диего Бланке
Қос клуб арасында өткен алғашқы айналымдағы жекпе-жекте «Астана арландары» «Аrgentina Сondors» боксшыларын 5:0 есебімен ұтқан.
«Арландар» өткен турда «Puerto Rico Hurricanes» клубымен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал, «Аrgentina Сondors» клубы «Caciques de Venezuela» боксшыларынан 2:3 есебімен жеңілген.
12 турдан кейін «Астана арландары» 36 ұпаймен «В» тобында жекедара көш бастап келеді. Ал, «Аrgentina Сondors» бокс клубы 4 ұпаймен көш соңында келеді.
«Астана арландары» мен «Аrgentina Сondors» клубы арасындағы кездесу 19 сәуір күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат 08:00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05