«Астана арландары» польшалық қарсыластарын 5:0 есебімен ұтты
Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» өз елімізде польшалық «Rafako Hussars Poland» клубын қабылдап, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 5:0. Арландардың пайдасына.
49 келідегі Жомарт Ержан, 56 келідегі Мейірболат Тоитов пен 75 келідегі Мейірім Нұрсұлтанов қарсыластарын ұпай саны бойынша жеңген болса, 64 келідегі Самат Бәшенов пен 91 келідегі Василий Левит қарсыластарын техникалық нокаутпен ұтты.
Тоғызыншы турдан кейін «Астана арландары» 27 ұпаймен «В» тобында жекедара көш бастады.
«Астана арландары» келесі жекпе-жегін Шымкент қаласында әзірбайжандық «Вaku Fires» клубына қарсы өткізеді. Кездесу 21 наурыз күніне жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05