Г.Головкиннiң Қазақстандағы жекпе-жегi 2015 жылы Астана күнiнде өтуi мүмкiн
Геннадий Головкиннiң Қазақстандағы бокс кешi 2015 жылы Астана күнiнде өтуi мүмкiн, деді боксшы ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуi барысында.
«Сiзбен танысқаныма қуаныштымын. Мен үйде көп бола бермеймiн. Жылы жақта демалуға мүмкiндiк болды. Бірақ, мен өзiмнiң туған елiме келдiм. Отаныма құрмет көрсеткiм келдi. Қарағандыда тұратын анама соқтым, бiрнеше күн қасында болдым. Көп адамдармен қауыштым», - дедi Геннадий Головкин.
Оның айтуынша, боксшы Қазақстан Бокс федерациясының президентi Тимур Құлыбаевпен жүздескен. «Қарағанды облысының әкiмiмен және Астана басшысымен кездестiм. Әдiлбек Рыскелдiұлымен жоспарымызбен бөлiстiк. Келесi жылы Астанада шетелдiң танымал боксшыларын шақырып, керемет бокс кешін ұйымдастыруды ойлаудамыз. Оны Астана күнiнде өткiзудi жоспарладық. Бiз HBO телеарнасымен бiрлесiп жұмыс жасаймыз, сондықтан барлығы ойдағыдай болады. Әзiрге боксшылардың есiмiн атамаймын. Өзiмiздiң елордамызды шет мемлекеттерге көрсетiп, Қазақстан Әнұранының ойнағанын қалаймын», - дедi спортшы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05