«Таңшолпанда» - Қанат Ислам (ВИДЕО)
Қазақтың мақтанышы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Таңшолпанға» сұхбат берді.
«Медеу» мұз айдынының маңын жаттығу жасауға ыңғалы деп тапқан боксшы: «Шетелде жүргеніме 5 ай болды. Тау көрмейсіз. Ауа райы басқа. Шынын айтқанда, осы тауды сағынамын. Елге келген бетте тауға бір жүгіріп шығу – менің әр жолғы ұстанған әдетім», - дейді.
Өзімен бірге жаттығуға кішкентай ұлы Мансұрды ерте келген Қанат «тауға, далаға шыққан жаттығуларымның бәріне ертіп жүремін. Себебі, туған жерінің осындай көркем, керемет екенін көріп өскен баланың туған елге, жерге деген құрметі ерекше болады, деп ойлаймын»,- дейді.
Былғары қолғап шеберінің бір күні қалай өтеді? Бұл турасында ол: «Таңғы сағат 04.30-да оянып, 05.00-де жаттығу басталады менде. Екі сағат жаттығу жасаймын. Сосын аздап демалып алған соң, қайтадан түскі жаттығуға кірісемін. Кейде күніне 3 мезгіл, кейде 2 мезгіл жаттығу болады. Ал, жарыстың алдында өте қарбалас болып кетеді. Жарыстан кейін де көп демалуға болмайды»,-дейді.
Боксшының алдағы жоспары қандай? «Таңшолпаннан» көріңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан жастар арасындағы Futures Cup турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
06.03.2026, 10:03
Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді
05.03.2026, 11:11
Юлия Путинцева WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
05.03.2026, 10:00
Дзюдо: Аустриядағы Гран-приге баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды
04.03.2026, 18:12
Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
03.03.2026, 15:32
Спорттық гимнастикадан Бакуда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды
03.03.2026, 11:21
Қазақстан құрамасы күрес түрлерінен Албанияда өткен турнирді 11 медальмен аяқтады
02.03.2026, 15:03
Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтеді
02.03.2026, 12:35