Жанат Жақиянов бокстан Еуразия чемпионы атанды
Жеңіл салмақтағы (53,5 келіге дейін) Еуропа чемпионы Жанат Жақиянов Минскіде (Беларусь) грузиялық Гаги Эдишерашвили бірінші раундта нокаутқа құлатып, WBC Eurasia Pacific Boxing Council атағын жеңіп алды.
Сонымен қатар, ол өзінің EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды.
Жанат өз қарсыласын бірінші раундта нокаутқа құлатты. Осыған дейін Гаги Эдишерашвилиді «тбилисилік ұтылмайтын нокаутшы» деп атап келген.
30 жастағы Жанат Жақияновтың ендігі қарсыласы – австралиялық боксшы Фред Мундраби. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Мельбурндағы (Австралия) «Hisense Arena» аренасында өтеді.
Австралиялық боксшы осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, 15-де (7-і нокаут) жеңіске жеткен. Фред Мундраби 2 кездесуде ұтылып, 1 кездесуі тең аяқталған.
Естеріңізге сала кетейік, Жанат Жақиянов үшін Фред Мундрабимен болатын жекпе-жек кәсіпқой алаңда 25-ші жекпе-жегі болады. Осыған дейін ол 23 рет (оның 16-сы нокаут) жеңіске жетіп, 1 рет ұтылған.
Фото: Boxingtv.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05