Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты Әлем чемпионы белдігінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті. Бұл туралы «Чемпионат.com» хабарлады.
«Мен Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниел Гилге көңілім толмады. Менің пікірімше, тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасқаны жөн. Жұрттың көпшілігі Геннадиймен текетіресе алатын қарсылас жоқ дегенді айтады. Өкінішке қарай, екеуміздің кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылуда. Ал мен үшін спорт әлеміндегі жұлдызға айналған Геннадий Головкинмен шаршы алаңда шайқасу үлкен мәртебе», - дейді Дмитрий Чудинов.
Еске сала кетсек, ол 9-тамызда француз Мехди Буадлмен кездеседі. Бұл Дмитрий Чудиновтың чемпиондық белдігін қорғаудағы алғашқы жекпе-жегі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05