Геннадий Головкин Мигель Котто мен Питер Куиллинді жекпе-жекке шақырды
WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBO чемпионы, америкалық Питер Куиллин мен WBC чемпионы, пуэрторикалық Мигель Коттоны жекпе-жекке шақырды.
Бұл туралы қазақстандық боксшы Дэниэл Гилмен өткізген жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғағаннан кейін мәлімдеді. Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте Головкин австралиялық боксшыны үшінші раундта нокаутқа жіберді.
Кездесуден кейін Геннадий Головкин өз қарсыласына алғыс айтып, оның жақсы боксшы екенін жеткізді. Ол екінші раундта қарсыласының тактикасын зерттеп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін айтты.
«Бұл ойын емес, бұл – жекпе-жек. Мен төбелесті ұнатамын және шаршы алаңда қызықты бокс көрсеткім келеді», - деп Головкин жанкүйерлерге де алғысын білдірді.
Ал жекпе-жектен соң, Геннадий Головкин орта салмақта чемпиондық атақты біріктіретін жекпе-жекке дайын екенін жеткізді. «Мен Котто және Куиллинмен жұдырықтасқым келеді. Жігіттер, маған хабарласыңдар, мен дайынмын. Бірінші кезекте, Коттомен кездескім шаршы алаңда жолығуды қалаймын», - деді қазақстандық боксшы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05