11 қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің финалына жолдама алды
11 қазақстандық боксшы Алматыда ересектер арасында өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» атты бокстан IV халықаралық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды ҚР бокс федерациясының баспасөз хатшысы Виктор Пряников.
Шаршы алаңға алғаш болып шыққан Біржан Жақыпов (49 кг) ресейлік Расул Салиевтен 3:0 есебімен басым түсті. Жомарт Ержан өзбек спортшысы Хасанбай Дусматовтан жеңіліп қалды (2:1). Енді алтын үшін бәсекеде Жақыпов пен Дусматов бақ сынасады.
Ілияс Сүлейменов (52 кг) филлипиндік Рэй Салудардан жеңілді (2:1), ол финалда өзбекстандық Шахобиддин Зоировпен жұдырықтасады.
Қайрат Ерәлиев (56 кг) ресейлік Зинат Жандыбаевты жеңді (3:0), ол финалда Жанболат Тілегенұлымен бақ сынасады.
ҚР чемпионы Алмасбек Әлібековтің жұдырықтасуы (64 кг) тайлық Вуттичай Масукудан кемшін түсті (2:1). Финалда Вуттичай кубалық Луис Оливе Генераға қарсы шығады.
ҚР ұлттық құрамасының капитаны, әлем чемпионы Данияр Елеусінов (69 кг) өзбек Исраил Мадримовты жеңсе, Сағадат Рахманқұлов 3:0 нәтижесімен Ариснодиус Диспейннен басым түсті (Куба).
Жәнібек Әлімханулы (75 кг) кубалық Лопез Кардонды жеңді (3:0), енді ол финалда алтын үшін украиндық Дмитрий Митрофановпен жұдырықтасады.
Әділбек Ниязымбетов (81 кг) те кубалық Эммануэль Рейес Платадан басымдылығын байқатты, есеп - 3:0. Ақтық сында ол Дәурен Елеусіновпен сына түседі (2:1).
Аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша алғашқы финалист Иван Дычко болды, ол Нұржан Бекзатовты жеңіп шықты - 3:0. Енді ол кубалық Иоранди Тоирак Ортегамен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30