Бокстан Президент Кубогы үшін жарыс басталды
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін ересектер арасында бокстан IV халықаралық турнир басталды.
Жарыста 13-шілдеге дейін әлемнің 12 мемлекетінен келген 106 боксшы өзара сынға түседі.
Дәстүрлі түрде төртінші рет өткізіліп тұрған байрақты бәсекеде Қазақстан намысын Жомарт Ержан, Біржан Жақыпов, Ілияс Сүлейменов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов сынды талай мәрте топ жарған былғары қолғап шеберлері қорғайды.
Ақтық айқасты 13-шілде күні «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады.
Мырзағали Айтжанов, бокстан Қазақстанның Ұлттық құрама командасының бас бапкері:
Біз осы жарысқа Куба елімен бірге жаңадан ашылған Бүкіләлемдік бокс академиясында дайындалдық. Жігіттер жақсы дайындалып келді. Кімнің қандай жетістікке жететіні рингте шешіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30