Головкин - Гил жекпе-жегіне екі мыңға жуық билет қалды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында 26 шілде күні WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (29-0, 26 КО) мен орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, 33 жастағы австралиялық Дэниэл Гил (30-2, 16 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді.
BoxingScene.com порталының хабарлауынша, сатылымда жекпе-жектің екі мыңға жуық билеті қалған. Бұл жекпе-жекке 10 мың орынға билет сатылымға шығарылған. Сонымен қатар, Madison Square Garden аренасында үш мыңға жуық адамға арналған айрықша орын бар.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Madison Square Garden спорт кешенінің үлкен аренасында алғаш рет жұдырықтасады. Бұған дейінгі жекпе-жектер кешеннің театрында өткен еді.
Өткен жылдың қараша айында америкалық боксшы Кертис Стивенспен өткен жекпе-жекте 4 168 билет сатылған еді. Сол уақытта билеттердің толық сатылымына небәрі екі билет жетпей қалды. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.
Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил жекпе-жегін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Бокс кеші Астана уақытымен 27 шілде күні таңертең өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05