«Cuba Domadores» - WSB төртінші маусымының жеңімпазы
Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымы аяқталды. Бакуда өткен ақтық бәсекеде әзірбайжандық «Baku Fires» пен кубалық «Cuba Domadores» кездесті. Жарыстың бірінші күні кубалық команда 3:2 есебімен жеңіске жетсе, екінші күні әзірбайжандық боксшылар 3:2 есебімен басым түсті.
Ал шешуші жекпе-жекте кубалық Арисноидис Деспейн шаршы алаңа иесі Евгений Ромашкевичті айқын басымдықпен ұтты. «Cuba Domadores» - Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымының чемпионы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымның жеңімпазы «Астана арландары» бұл жолы жартылай финалда сүрінді. Олар екі ойынның қорытындысы бойынша әзірбайжандық командаға жол берді.
«Baku Fires» - «Cuba Domadores» 5:6
6 маусым
49 келі. Хамза Наметов – Йосбани Веита – 0:3
56 келі. Магомед Гурбанов – Норлан Иера - 3:0
64 келі. Гейбатулла Гаджиалиев – Ясинер Толедо - 2:1
75 келі. Хайбулла Мусалов – Арлен Лопес - 0:3
91 келі. Абдульгадир Абдуллаев – Эрисланди Савон - 0:3
7 маусым
52 келі. Эльвин Мамишзаде – Херардо Сервантес - 3:0
60 келі. Альберт Селимов – Лазаро Альварес - 2:1
69 келі. Магомед Нурудинов – Рониел Иглесиас Соголонго - 0:3
81 келі. Михаил Долголевец – Хулио Сезар де ла Крус - 0:3
+91 келі. Арсланбек Махмудов – Хосе Лардуэт - 2:1
Қосымша жекпе-жек: Евгений Ромашкевич – Арисноидис Деспейн – 0:3
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30