WSB. Теміртас Жүсіпов «Baku Fires» боксшысынан басым түсті
Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалындағы «Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы алғашқы кездесу басталды. Шаршы алаңға алғаш болып жеңіл салмақтағы (49 келі) боксшылар көтерілді.
Қазақстандық команда сапынан бұл жекпе-жекке Теміртас Жүсіпов шықты. Теміртас осы уақытқа дейін екі жекпе-жек өткізген. Кубалық Йосбани Вейтамен болған текетіресте ұпай санымен ұтылса, кейін румын Овидиу Берцянуден (Team Germany) басым түсті.
«Астана арландарының» бас бапкер Сергей Корчинский соңғы кездері бұл салмақта Теміртас Жүсіповке сенім артып келеді. Ол бұл жолы да алдын-ала тізімде болған Мардан Берікбаевты алмастырды. Дегенмен Мардан бұл маусымдағы жекпе-жектерінің барлығын жеңіспен аяқтаған еді.
Теміртас Жүсіповке бүгінгі жекпе-жекте Хамза Наметов қарсылас атанды. Айта кетейік, әзірбайжандық боксшы Алматыда өткен топтық бәсекеде «арландардың» намысын қорғаған Әнуар Мұзафаровты жеңген еді.
Сол қателікті бүгінгі кездесуде Теміртас түзетуге тырысты. Бұл маусымда төрт рет шаршы алаңға шығып, үш рет жеңіске жеткен Хамза Наметов те осал боксшы емес. Дегенмен, жанкүйерлерден қолдауымен алға ұмтылған қазақ боксшысы жекпе-жекті өз пайдасына шешіп, «Астана арландары» кездесуде алға шықты.
Енді шаршы алаңға 56 келіде Мәди Шолақов, 64 келіде Асхат Уәлиханов, 75 келіде Сергей Деревянченко, 91 келіде Василий Левит шығады. Бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетуде. Сонымен қатар, www.kazsporttv.kz сайты арқылы онлайн-трансляция тамашалауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Baku Fires» бұл маусымда топтық бәсекеде кездескен еді. Қазақстандық команда Алматыда өткен жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіске жетсе, Бакуде өткен кездесу дәл осындай есеппен алаң иелерінің пайдасына шешілген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05