WSB. Асхат Уәлиханов Гайбатулла Гаджиалиевтан ұпай санымен ұтылды
Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалындағы «Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы жекпе-жектер жалғасуда. Астанада өтіп жатқан айқаста шаршы алаңға үшін болып 64 келі салмақта Асхат Уәлиханов пен Гайбатулла Гаджиалиев шықты.
Бұл салмақта алдын-ала тізімде Жәнібек Әжібай тіркелген еді. Дегенмен бас бапкер Асхат Уәлихановтың жұдырықтасқаны жөн деп шешкен. Асхат та жекпе-жекке тас-түйін дайын екенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Асхат Уәлиханов бұл маусымдағы алғашқы жекпе-жегін әзірбайжандық Осман Әлиевпен өткізіп, жеңіске жеткен еді. Жалпы, ол WSB аясындағы төрт жекпе-жектің үшеуін өз пайдасына шешті.
Гайбатулла Гаджиалиев те бұл маусымда өткізген төрт жекпе-жектің үшеуін жеңіспен аяқтаған. Әзірбайжандық боксшы бұл жолы да бабында екенін көрсетті. Асхатты ұпай айырмашылығымен жеңіп, командасының қоржынына 2-ші ұпайды салды.
Айта кетейік бұған дейін Теміртас Жүсіпов жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Ал, Мәди Шолақов қарсыласқа есе жіберді. Енді шаршы алаңға 75 келіде Сергей Деревянченко мен 91 келіде Василий Левит шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05