«Астана арландары» сенбі күні жұдырықтасатын боксшылардың тізіміне өзгерту енгізді
Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалындағы «Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы алғашқы кездесуінде жұдырақтасатын боксшылардың тізімі бірнеше күн бұрын жарияланған болатын.
Қазақстандық команданың жаттықтырушылар құрамы бұл тізімге екі өзгерту енгізді. Алдағы сенбі күні 49 келі салмақта Мардан Берікбаевтың орнына Теміртас Жүсіпов, 64 келі салмақта Жәнібек Әжібайдың орнына Асхат Уәлиханов шығатын болды.
Айта кетейік, алдын ала жарияланған тізімге бұған дейін екі рет өзгеріс енгізілген еді. 56 келі салмақта Бағдат Әлімбеков Мәди Шолақовты, ал 75 келі салмақта Сергей Деревянченко Ерік Әлжановты алмастырды.
26 сәуір. Астана, Қазақстан.
49 келі: Теміртас Жүсіпов - Хамза Наметов
56 келі: Бағдат Әлімбеков - Гаирбек Гермаханов
64 келі: Асхат Уәлиханов - Гайбатулла Гаджиалиев
75 келі: Сергей Деревянченко - Солтан Мигитинов
91 келі: Василий Левит - Абдулкадыр Абдуллаев
Сонымен қатар, «Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы жартылай финалдың екінші кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар да белгілі болды. Дегенмен екі команда да бұл тізімге өзгеріс енгізе алады.
3 мамыр, Губа қаласы, Әзірбайжан.
52 келі. Магомед Абдулхамидов - Мирас Жақыпов.
60 келі. Альберт Селимов - Самат Бәшенов.
69 келі. Евгений Рамашкевич - Данияр Елеусінов.
81 келі. Михаил Долголевец - Хрвое Сеп.
+91 келі. Хаджи Муртузалиев - Руслан Мырсатаев.
Қосымша кездесу. 81 келі. Теймур Маммадов - Әділбек Ниязымбетов.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Baku Fires»жекпе-жегін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жартылай финалдың алғашқы кездесуі сенбі, 26 сәуір, Астана уақыты бойынша 19:50-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05