«Астана арландары» жартылай финалға шығатын боксшыларды алмастырды
26 сәуірде Астанада Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалдағы алғашқы кездесуі өтеді. «Астана арландары» командасының жаттықтырушылары әзірбайжандық боксшыларға жұдырықтасатын жігіттердің тізіміне өзгерістер енгізді.
Бастапқыда қосалқы құрамға енгізілген Бағдат Әлімбеков пен Сергей Деревянченко шаршы алаңға шығатын болды. Әлімбеков 56 келі салмақта Мәди Шолақовты, ал Деревянченко 75 келі салмақта Ерік Әлжановты алмастырды.
Бұл өзгерістен кейін, Бағдат Әлімбеков Гаирбек Гермахановпен жұдырықтасса, ал Сергей Деревянченко Солтан Мигитиновпен қайта кездеседі.
49 келі: Мардан Берікбаев - Хамза Наметов
56 келі: Бағдат Әлімбеков - Гаирбек Гермаханов
64 келі: Жәнібек Әжібай - Гайбатулла Гаджиалиев
75 келі: Сергей Деревянченко - Солтан Мигитинов
91 келі: Василий Левит - Абдулкадыр Абдуллаев
Айта кетейік, топтық кезеңде «Астана арландары» өз алаңында 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол кездесуде қазақстандық команда сапында Бағдат Әлімбеков, Сергей Деревянченко және Василий Левит жеңіске жеткен. Ал Алматыда өткен жекпе-жекте әзірбайжандық командаға тек Хамза Наметов ұпай әкелді.
26 сәуірде Әлімбеков пен Деревянченконың қарсыластары өзге боксшы болса, Василий Левит қайтадан Абдулкадыр Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Сонымен қатар, Сергей Деревянченко мен Солтан Мигитинов жекпе-жегі тартысты болмақ. WSB-ның алғашқы маусымының финалында екі боксшы жұдырықтасып, украиналық жеңіске болатын.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Baku Fires» жекпе-жегі «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Билет құны – 1000 теңге. Бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы –19.50.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05