Питер Куиллин Геннадий Головкинді келесі қарсыластарының тізімінде атап өтті
Кәсіпқой бокстан WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Питер Куиллин чемпиондық атағын қорғағаннан кейін, келесі жекпе-жекте жұдырықтасқысы келетін боксшылардың есімдерін атады.
Америкалық боксшы Вашингтонда чех Лукаш Конечнымен кездесіп, ұпай санымен жеңіске жетті. Бұл оның кәсіпқой бокстағы – 31-ші жеңісі болды.
Жекпе-жектен кейін берген сұхбатында Куилин Серхио Мартинес пен Мигель Котто, сонымен қатар Геннадий Головкин пен Хулио Сезар кіші Чавес жұптарының жеңімпаздарымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Соңғы жұптың келіссөздері ұзаққа созылып кетті. 19 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің келіссөздерінің тұрып қалуына мексикалық боксшының Top Rank компаниясынан кетуі себеп болуы мүмкін.
Дегенмен, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинннің бас бапкері Абель Санчес бұл жекпе-жек ұйымдастырылмаған жағдайда, екінші жоспары бар екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
17.06.2026, 04:50
Дастан Сәтпаев ертең «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді
16.06.2026, 14:15
Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
16.06.2026, 11:20
Сауд Арабиясы Уругваймен ұпай бөлісті
16.06.2026, 10:10
Бельгия мен Египет тең тарқасты
16.06.2026, 09:00
Испания мен Кабо-Верде арасындағы матчта есеп ашылмады
16.06.2026, 08:00
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
16.06.2026, 00:00
Рубен Аморим «Милан» бас бапкері атанады
15.06.2026, 16:00