Чавеспен жекпе-жегі өтпейтін жағдайда Головкиннің басқа жоспары бар
WBA және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Хулио Сезар кіші Чавеспен белгіленген жекпе-жегі өтпей қалса, онда қазақстандық боксшы басқа жоспар ойластырып қойған. Бұл туралы Boxingscene.com порталына Головкиннің бас бапкері Абель Санчес айтып берді, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
Головкин - Санчес кездесуі 19 сәуір күні Лос-Анджелес қаласы маңындағы Инглвуд қалашығындағы «Форум» (Forum) аренасында өтеді деп жоспарлануда. Дегенмен екі тарап өкілдері бұл жекпе-жек туралы келісімшартты әлі аяқтай алмай жатыр. Егер бұл кездесу өтпейтін болса, онда Головкин дәл сол күні басқа боксшымен жұдырықтасады. Бірақ ол кездесу Нью-Йорк қаласында өтеді. Мұндай жағдайда HBO телеарнасы жекпе-жекті ақылы емес, тегін таратады.
Ал Санчес болса Головкин - Чавес кедесуі болады деп үміттенуде. Бұған дейін бапкер келіссөздер 99 пайызға аяқталды деген болатын. Оның айтуынша, нақты келісім алдағы бір аптаның ішінде шешілуі керек. Сондай-ақ Санчес өзінің шәкірті мексикалық боксшыны жеңетініне сенімді.
Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға 2014 жылдың ақпанында шығып, Гана боксшысы Осуману Адаманы жеңген еді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші, алтыншы және жетінші раундта нокдаунға түсірген. Ал соңғы нокдауннан кейін төреші кездесуді уақытынан бұрын тоқтатқан болатын
Содан кейін Головкин шаршы алаңға 26 сәуір күні шығуы керек еді. Бірақ әкесінің қайтыс болуына байланысты Геннадий ол кездесуге шығудан бас тартты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30