Пакьяо-Брэдли жекпе-жегін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
Ертең, 13 сәуір Лас-Вегаста MGM Grand Garden аренасында бокс кеші өтеді. Бұл кештегі ең басты жекпе-жекте - сегіз салмақ бойынша әлемнің экс-чемпионы, 35 жастағы филиппиндік Мэнни Пакьяо (65,8 келі) мен WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, 30 жастағы америкалық Тимоти Брэдли (66 келі) арасындағы кездесу. Бұл боксшылар екінші рет жұдырықтаспақшы.
Маңыздылығы жағынан екінші жекпе-жекте WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы, 31 жастағы ресейлік Хабиб Аллахвердиев осы уақытқа дейін жеңілмеген 24 жастағы америкалық Джесси Варгаспен кездеседі.
Сонымен қатар, бұл кеште 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, украиналық Александр Гвоздик кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Майк Монтойя.
Бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, www.kazsporttv.kz сайтына онлайн трансляция жүргізіледі. Тікелей эфир жексенбі, 13 сәуірде, Астана уақытымен таңғы сағат 07.00-де басталады.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өтетін бокс кешіндегі жекпе-жектердің тізімі:
66,7 келі. Мэнни Пакьяо (55-5-2, 38 КО) - Тимоти Брэдли (31-0, 12 КО).
63,5 келі. Хабиб Аллахвердиев (19-0, 9 КО) - Джесси Варгас (23-0, 9 КО).
61,2 келі. Раймундо Бельтран (28-6-1, 17 КО) - Араш Усмани (20-1-1, 10 КО).
58,9 келі. Брайан Васкес (32-1, 17 КО) – кіші Хосе Феликс (26-0-1, 21 КО).
79,4 келі. Шон Монаган (20-0, 13 КО) - Джо Маккриди (15-6-2, 6 КО).
79,4 келі. Александр Гвоздик (дебют) - Майк Монтойя (4-2-1, 2 КО).
Фото: boxingscene.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шорт-тректен 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
09.03.2026, 11:00
Милад Карими Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогында кезекті жүлдесін жеңіп алды
08.03.2026, 16:20
Алмат Әділет Гран-при турирінің чемпионы
07.03.2026, 23:30
Милан-Кортина: Александр Герлиц бірінші жарыс күнін 11 орынмен қорытындылады
07.03.2026, 18:30
Милад Карими Әлем кубогында күміс медальға ие болды
07.03.2026, 15:55
Президент Кристина Шумекованы Парасат орденімен марапаттады
07.03.2026, 15:41
Бокстан жастар арасындағы Futures Cup турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
06.03.2026, 10:03
Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді
05.03.2026, 11:11