Головкиннің промоутері тағы бір қарсыластың атын атады
WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта бокстан Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер тағы бір қарсыластың атын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Леффлер мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавеспен жекпе-жектен соң америкалық Келли Павликпен арада тартысты кездесудің ұйымдастырылғаны өте орынды болатынын мәлімдеді.
WBC және WBO нұсқалары бойынша орта салмақта экс-чемпион Келли Павлик әлеуметтік желі арқылы Геннадий Головкинмен жекпе-жектің болуы мүмкіндігі жайында өзінің оқырмандарымен пікір алмасқан.
«The Sweet Science» журналистерінің бірі Том Леффлерге осы тақырыпта сауал қойды.
«Қазіргі кезде Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осыдан кейін Павликпен қолғап түйістірсе, өте орынды болар еді»,-деді Головкиннің промоутері.
Басылымның жазуынша, 32 жастағы америкалық боксшының соңғы жекпе-жегі 2012 жылдың жазында өткен. Ал, денсаулығына байланысты спорттық мансабын аяқтайтындығы туралы 2013 жылдың қаңтарында мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05