«Астана арландары» ертең жекпе-жекке шығады
Сенбі, 1 наурыз күні «Астана арландары» Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымындағы топтық кезеңнің соңғы жекпе-жегін өткізеді. Бұл жолғы қарсыласы – «Hussars Poland» командасы.
Алматыда өтетін жекпе-жекте шаршы алаңға шығатын боксшылардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Ұлттық құрама боксшылары Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов бес раундтық жекпе-жекте күштерін байқап көреді. Ал Берік Әбдірахмановтың орнына Ғани Жайлауов шығатын болды.
Сонымен қатар, Ілияс Сүлейменов екінші жекпе-жегін өткізсе, «арландардың» украиналық легионері Армен Симонян алғаш рет жұдырықтасады. Айта кету керек, польшалық команданың сапында екі легионер бар. Олар армян Жора Симонян мен украиналық Сергей Веревейко.
52 келі. Ілияс Сүлейменов - Гжегорж Козловский.
60 келі. Ғани Жайлауов - Давид Павел Михелус.
69 келі. Данияр Елеусінов - Жора Симонян.
81 келі. Әділбек Ниязымбетов - Казюж Зыциньский.
+91 келі. Армен Симонян - Сергей Вервейко.
Дүниежүзілік бокс сериясының топтық бәсекесі аяқталғаннан кейін, командалар біраз уақыт үзіліс алады. Ширек финалдың алғашқы жекпе-жектері 28-ші наурызға белгіленген. Бұл күні 49, 56, 64, 75, 91келі салмақ дәрежелеріндегі боксшылар жұдырықтасады. Қалған салмақтағы жекпе-жектер 4 сәуірге жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30