Головкиннің арманы - Мейвезермен жекпе-жекке шығу
WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық кіші Флойд Мейвезерді ең үздік боксшы санайды және онымен жекпе-жекке шығуды армандайды, деп хабарлайды BoxingNews24.com.
«Бұл жекпе-жек болуы мүмкін. Бұл менің арманым. Бұл бокс жанкүйерлері үшін, телеарналар үшін өте тартысты жекпе-жек деп санаймын. Мен HBO-мен, ал Флойд Showtime телеарнасымен жұмыс істейді. Бұл мәселені мен промоутеріммен ақылдастым, ол жекпе-жектің өтуі мүмкін екенін жеткізді. Мен күтемін», - деп мәлімдеді Головкин On the Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында.
Бұған дейін хабарланғандай, Головкин америкалық боксшымен жекпе-жекке шығу үшін салмағын азайтуға дайын. Бірақ үлкен Мейвезердің ұлына қазақстандық боксшымен жұдырықтаспауға кеңес берді. Өйткені, бірінші орта салмақта Головкинге тең келер қарсылас жоқ деп санайды ол.
Головкин 2014 жылдағы алғашқы жекпе-жегін 1 ақпан күні Монте-Карлода ганалық Осуману Адамамен өткізеді. Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 26 сәуірге белгіленген. Әзірге қарсыласы белгісіз. Ал WBC тұжырымы бойынша 66,7 және 69,9 салмақтағы Әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер 2015 жылдың қыркүйегінде бокс қолғабын шегеге ілетінін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30