«Astana Arlans»-тың үш боксшысы WSB рейтингінде 1-ші орынға көтерілді
Қазақстандық «Astana Arlans» командасының боксшылары Мейірболат Тойытов (56 келі), Асхат Уәлиханов (64 келі) және Василий Левит (91 келі) Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) рейтингінде бірінші орынға шықты.
Бірінші орында «арландардың» хорватиялық легионері Филип Хргович (+91 келі) те бар. Сонымен қатар, 49 келі салмақтағы тағы бір «арлан» Мардан Берікбаев жекелей рейтингте екінші сатыға көтерілді. Ал Сергей Деревянченко мен Мейірім Нұрсұлтанов өз салмақтарында үшінші орында тұр.
WSB рейтингі әр жекпе-жек сайын жаңартылады. Әр салмақтың көшбасшылары Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.
Естеріңізге сала кетейік, Польшаның Вышкув қаласында «Astana Arlans» «Poland Hussars» командасын 4:1 есебімен ұтты. Сергей Корчинский шәкірттері 18 қаңтарда сырт алаңда әзірбайжандық «Baku Fires» командасымен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05