Зарина Диас пен Юлия Путинцева Сингапурде өтетін көрсетілімді турнирдің үміткерлері қатарына енді
Қазақстандық теннисшілер Зарина Диас пен Юлия Путинцева WTA-ның Сингапурде өтетін көрсетілімді турниріне қатысуға үміткерлер қатарына енді.
Әйелдер теннисі қауымдастығы арнайы дауыс беру ұйымдастыруда. Ол үшін бір жыл көлемінде тиісті жетістікке жеткен 23 жасқа дейінгі теннисшілер таңдалып алынды.
Оларға дауыс беру екі топта жүргізіледі: әлем және Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің теннисшілері.
Дауыс беру 3-ші қазанға дейін жалғасады. Қорытындысы бойынша әр топтан екі үздік теннисші Сингапур турниріне жолдама алады.
Әлем спортшылары тобында:
Грейси Мин, Мэдисон Кис, Коко Вандевеге, Кристина Макхэйл, Лорен Дэвис, Шелби Роджерс (АҚШ), Моника Пуиг (Пуэрто-Рико), Белинда Бенчич (Швейцария), Элина Свитолина (Украина) және Йована Якшич (Сербия).
Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің теннисшілері:
Зарина Диас, Юлия Путинцева (Қазақстан), Куруми Нара, Миса Егучи, Наоми Осака, Хироко Кувата, Сачие Ишидзу (Жапония), Луксика Кумкхум, Нича Лертпитаксинчай (Таиланд), Чжен Сайсай (Қытай), Оливия Роговска (Австралия).
17 қазанда басталатын жылдың қорытынды турнирінде WTA рейтингі бойынша үздік 10 теннисші бақ сынайды. Қазақстандық Зарина Диас WTA рейтингінде 48-орында.
Қазақстандық теннисшілерге дауыс беру үшін: http://www.wtafinals.com/Rising-Star-Poll
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан әлем чемпионаты: Ертенгі эфир кестесі
13.06.2026, 18:00
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
13.06.2026, 06:00
Ресми: Жозе Моуринью «Реал Мадридке» оралды
12.06.2026, 15:00
Бернарду Силва «Реал Мадрид» ойыншысы атанады
12.06.2026, 13:10
Қытайдағы Әлем кубогына қатысатын боксшылар тізімі белгілі болды
12.06.2026, 12:00
Футболдан Әлем чемпионаты АҚШ пен Парагвай ойнады
12.06.2026, 11:30
Футболдан Әлем чемпионатында қолданылатын жаңа ережелер
12.06.2026, 10:30
Оңтүстік Корея жеңіске жетті
12.06.2026, 09:00