Зарина Диас ширек финалға жолдама алды
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA Internationaux de Strasbourg турнирінде ширек финалға шықты.
Ол екінші айналымда хорват қызы Айла Томляновичпен кездесті. Тартысты өткен бірінші сетте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып әкетті. Екінші сет те қазақ қызының пайдасына шешілді. Алайды ойын тай-брейкке дейін жалғасты. Есеп: 6/4, 7/6 (4).
Айта кетейік, Зарина Диас әлемдік рейтингте 96-шы, ал Айла Томлянович 71-ші орында. Бұл теннисшілердің алғашқы кездесу.
Зарина Диас ширек финалда АҚШ өкілі Кристина МакХэйлмен кездеседі. Ол өз кезегінде австралиялық Кейси Деллаквадан басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас алғашқы айналымда әлемннің 22-ші ракеткасы, бельгиялық Кристен Флипкенстен айласын асырған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00