Davis Cup: Швейцария мен Қазақстан хардта ойнайды
Үлкен теннистен Қазақстан ерлер құрама командасы Дэвис Кубогының ширек финалында Швейцариямен кездеседі. Женева қаласында өтетін ойында корттың хард түрі таңдалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының теннис федерациясы.
Айта кетейік, Қазақстан мен Швейцария құрамалары Дэвис Кубогы ойындары аясында 2010 жылы Астанада кездескен еді. Сол кездесуде қазақстандық теннисшілер 5:0 есебімен ұтып, турнирдің Әлемдік тобына өткен болатын.
Бұл жолы біздің теннисшілерге оңай болмайтыны белгілі, себебі Швейцария құрамасы сапында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Роджер Федерер бар.
Естеріңізде болса, ширек финалға жолдама беретін кездесуде Қазақстан құрамасы Бельгияны 3:2 есебімен жеңген. Швейцария өз кезегінде Сербия құрамасынан басым түсті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05