Даниялық жас футбол таланты Қазақстанға қарсы ойында дебютін өткізбек
«Аякстің» шабуылшысы Каспер Дольберг 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы Қазақстанға қарсы ойында Дания құрамасы сабында дебютін өткізуі мүмкін.
Жергілікті БАҚ өкілдері 19 жастағы форвардтың неліктен әлі де құрамаға алынбай жүргенін түсінбейді. Дегенмен, Дания құрамасының бас бапкері Оге Харейде жақында өз сұхбаттарының бірінде Дольбергті құрамаға шақыратынын айтқан болатын. Даниялық басылымдардың жазуынша, Каспер 12 қарашада Қазақстанға қарсы ойында дебютін өткізіп қалуы мүмкін.
Осы маусымда Каспер Дольберг 18 матчқа қатысып, 7 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.
Айта кетейік, Дания - Қазақстан матчы 12 қарашада Копенгагенде өтеді.
Дерек көзі: prosportkz.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30