Луис Суарес «Алтын бутсаға» ие болды
Уругвай құрамасы мен «Барселона» футбол клубының шабуылшысы «Алтын бутсаға» ие болды, деп хабарлайды fcbarcelona.com.
2015-2016 жылғы маусымда ол Испания чемпионатының 35 кездесуінде 40 гол салған. Суарестің бұл марапатқа ие болуы бірінші рет емес, ол 2013-2014 маусымында ағылшындық «Ливерпуль» сапында АПЛ-да 31 гол салып «Алтын бутсаға» алғаш рет ие болған.
Бұл марапат UEFA-ға мүше елдердің футбол чемпионаттарында ең көп гол салып, лиганың қиындығына байланысты берілген ұпайды көп жинаған футболшыға беріледі.
Айта кетейік, бұл марапатты 2010 жылдан бері тек қана Лионель Месси (2010, 2012, 2013) , Криштиа́ну Рона́лду (2011, 2014, 2015) және Луис Суарес (2014, 2016) алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аустрия алғашқы жеңісіне қол жеткізді
17.06.2026, 12:00
Месси Аргентинаға жеңіс сыйлады
17.06.2026, 10:00
Норвегия құрамасы Әлем Чемпионатын жеңіспен бастады
17.06.2026, 07:15
Франция Сенегалдан басым түсті
17.06.2026, 06:00
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
17.06.2026, 04:50
Дастан Сәтпаев ертең «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді
16.06.2026, 14:15
Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
16.06.2026, 11:20
Сауд Арабиясы Уругваймен ұпай бөлісті
16.06.2026, 10:10