Футболдан Қазақстан жастар құрамасы ағылшындық құрдастарынан жеңіліп қалды
2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында футболдан Қазақстан және Англия жастар құрамалары арасындағы Ақтөбеде болған кездесу 0:1 есебімен ағылшындар пайдасына аяқталды.
Ойынның 5-інші минутында Қазақстан қақпасына голды соңғы маусымда өз командасымен Англия чемпионатында жеңіске жеткен «Лестер Ситидің» жас таланты Демарай Грей соқты. Осылайша, біздің жастар құрамамыз бес ұжымнан тұратын топта 4-ші орында болса, ағылшындар көш бастап тұр.
11 қазанда Қазақстан жастар құрамасы Ақтөбе қаласында норвегиялықтармен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, кездесуді тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасы көрсеткен болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30