УЕФА Чемпиондар Лигасы: «Барселона» «Селтиктің» тас-талқанын шығарды
Шотландиялық «Селтик» клубы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің алғашқы ойынында каталондық «Барселонадан» жеңіліс тапты.
«Камп Ноу» стадионында өткен кездесу 7:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді. «Барселона» сапында Лионель Месси үш голдың авторы атанса (3', 27', 60'), Луис Суарес дубль жасады (75', 88'), ал Неймар (50') мен Андрес Иньеста (59') бір-бір голдан соқты.
«С» тобының «Манчестер Сити» мен мёнхенгладбахтық «Боруссия» арасындағы ойын Манчестер қаласында болған нөсер жауын салдарынан кейінге қалдырылды. Кездесу енді 14 қыркүйек күні өтеді.
«Ростов» командасы өзінің Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында мюнхендік «Бавариядан» ірі есеппен ұтылды. Сейсенбі күні Мюнхен қаласындағы «Альянц Аренада» өткен «D» тобының кездесуі 5:0 есебімен алаң қожайындары жеңіске жетті. Жеңімпаз атанған команда сапынан Роберт Левандовски (28', пенальти), Томас Мюллер (45'), Джошуа Киммих (53', 60'), Хуан Бернат (90') гол соқты.
13 қыркүйек күні Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында өткен басқа да кездесулер қорытындысы:
«Пари Сен-Жермен» (Франция) – «Арсенал» (Англия) - 1:1,
«Базель» (Швейцария) – «Лудогорец» (Болгария) - 1:1,
«Бенфика» (Португалия) – «Бешикташ» (Түркия) - 1:1,
«Динамо» (Киев, Украина) – «Наполи» (Италия) - 1:2,
ПСВ (Голландия) – «Атлетико» (Мадрид, Испания) - 0:1.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30