Қазақстандық бапкер литвалық клубтың бас бапкері қызметіне тағайындалды
Қазақстандық Владимир Чебурин литвалық «Судуваның» бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Чебуриннің алдына қойылған басты міндет – команданы Еуропа Лигасына шығару және Литва Кубогін иелену. Маусым 27 қараша күні аяқталады. Қазіргі таңда «Судува» ел біріншілігінде төртінші орында.
Чебуриннің жаңа командасы алғашқы ойында «Стумбрасты» (2:1) есебімен жеңіп, Литва Кубогінің ақтық сынына шықты.
Чебурин Литва елінде осымен екінші рет қызмет етпек. 2013 жылы қазақстандық маман жетекшілік еткен «Круоя» командасы чемпионатта екінші орынды иеленіп, Еуропа Лигасына жолдама алған болатын.
«Судува» мен жаттықтырған «Круоя» командасынан еш кем емес деп ойлаймын. Бізге ойын мәселелерін шешу керек, сонда бұрынғы нәтижеге қол жеткізе аламыз», - деді Чебурин.
Айта кетейік, 51 жастағы Чебурин «Шахтер» командасын жаттықтырды. Сонымен қатар, «Оқжетпес» клубында қызмет етті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05