«Астана» футболшылары «Селтикпен» қарымта кездесу өткізуге Шотландияға аттанды
1 тамызда «Астана» футболшылары мен бапкерлік құрамы Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік кезеңі аясында «Селтик» клубымен қарымта кездесу өткізу үшін Глазго қаласына аттанды.
«Астана» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордалық ұжым атынан Шотландияға 21 ойыншы кетті.
Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен, қорғаушылар: Игорь Шитов, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Марин Аничич, Біржан Құлбеков, жартылай қорғаушылар: Абай Жүнісов, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Асхат Тағыберген, Агим Ибраими, Серікжан Мұжықов, Геворг Наджарян, Азат Нұрғалиев, шабуылшылар: Патрик Твумаси, Джордже Деспотович және Джуниор Кабананга.
«Жарақаттан кейін емделіп жатқан «Астана» капитаны Таңат Нөсербаев пен Сербиядағы 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы қатарында жүрген жас жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаев Шотландияға бара алмайды», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Астанадан Глазгоға дейін ұшу 8 сағатты алады. Әуежайға астаналық команда жанкүйерлері келіп, «Селтикке» қарсы ойындас сәттілік тілеп, шығарып салды.
Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласындағы командалар арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған. Қарымта ойын 3 тамыздан 4-іне қараған түні Глазгодағы «Селтик парк» стадионында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11.09.2026, 17:00
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XX жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
11.09.2026, 12:00
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
11.09.2026, 10:30
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30