Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футболдан Қазақстан Суперкубогын тікелей эфирде көрсетеді
Қазақстан Суперкубогын астаналық «Астана» клубы мен алматылық «Қайрат» командасы сарапқа салады.
Елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» клубы арасындағы футболдан Қазақстан Суперкубогын бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей эфирдің басталу уақыты – 14:45.
Былтырғы маусымда «Астана» клубы ел чемпионы атанса, «Қайрат» клубы Қазақстан Кубогын жеңіп алған.
Еске сала кетейік, былтыр да қос клуб футболдан Қазақстан Суперкубогын сарапқа салып, елордалық «Астана» жеңіске жеткен болатын.
Ойынның қайталауын кешкі сағат 21:00-де «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Колумбия Өзбекстанды жеңді
18.06.2026, 11:00
Гана соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды
18.06.2026, 07:45
Англия Хорватиядан басым түсті
18.06.2026, 05:45
Португалия мен Конго ДР ұпай бөлісті
18.06.2026, 00:30
Аустрия алғашқы жеңісіне қол жеткізді
17.06.2026, 12:00
Месси Аргентинаға жеңіс сыйлады
17.06.2026, 10:00
Норвегия құрамасы Әлем Чемпионатын жеңіспен бастады
17.06.2026, 07:15
Франция Сенегалдан басым түсті
17.06.2026, 06:00