«Real Madrid Foundation» бапкерлері қазақстандық балаларды футболға үйретеді
Қазақстанда тұңғыш рет «Real Madrid Foundation» бапкерлері балалар үшін футбол курсын өткізеді.
Курс Алматы қаласында 23 наурыз бен 3 сәуір аралығында өтеді. Оған 6-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Бұл туралы Real Madrid Foundation курстары мен жазғы лагерлерінің директоры Андрес Мунтанер хабарлады.
Балаларды RMF штатындағы бапкерлер мен испандық Мадрид Академиясының бапкерлері оқытады. Курс 5 күннен тұратын 2 ағымда өтеді, жаттығулар күніне 1,5-2 сағатқа созылады. Балалар «Мирас» халықаралық мектебінің алаңында жаттығады.
Бұл жобаның әлеуметтік бағыты да бар. Ұйымдастырушылар балалар үйі мен интернат түлектері арасынан спортқа қатты қызығатын таланттарды іздеуде. Олар үшін 10 тегін орын бар.
RMF ұсынатын түсінік – «Реал стилінде» ойнау арман емес, қолжетерлік мақсат.
«Біздің қор 1998 жылы құрылды. Біз 79 мемлекет пен 250-ден аса мектептермен жұмыс істейміз. Футбол спор түрі ғана емес. Меніңше, ол балаларда достық, құрмет, қайрат пен сенімділікті тәрбиелеу құралы», - дейді Андрес Мунтанер.
Аталған бастама АҚШ, Канада, Жапония және Еуропа мемлкеттерінде табысты аяқталды. Бұл жоба бүкіл ТМД мемлекеттері үшін алғашқы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан жастар арасындағы Futures Cup турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
06.03.2026, 10:03
Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді
05.03.2026, 11:11
Юлия Путинцева WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
05.03.2026, 10:00
Дзюдо: Аустриядағы Гран-приге баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды
04.03.2026, 18:12
Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
03.03.2026, 15:32
Спорттық гимнастикадан Бакуда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды
03.03.2026, 11:21
Қазақстан құрамасы күрес түрлерінен Албанияда өткен турнирді 11 медальмен аяқтады
02.03.2026, 15:03
Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтеді
02.03.2026, 12:35