«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EURO-2016 турнирінің жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді
12 желтоқсан күні Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жеребе тарту рәсімінің трансляциясы 13 желтоқсан күні сағат 10:25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады.
Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие. Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі. Сонымен қатар, турнир туралы «Road to France» атты 15 арнайы жоба көрсетіледі. Аталмыш 15 фильмнің үшеуі – Корпорацияның өз өнімі болады.
Еуропа чемпионаты «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарындағы «Таңшолпан», «Бүгін жексенбі», «Sport.kz» және басқа да бағдарламалар аясында қамтылмақ. Аталмыш шара бірінші рет корпорацияның 14 аймақтық арналарында кең көлемдегі ақпараттық демеуге ие болады.
Еске сала кетейік, футболдан 15-ші Еуропа чемпионаты 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында өтеді. Финалдық турнирде алғаш рет 24 команда ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Милан-Кортина: Александр Герлиц бірінші жарыс күнін 11 орынмен қорытындылады
07.03.2026, 18:30
Милад Карими Әлем кубогында күміс медальға ие болды
07.03.2026, 15:55
Президент Кристина Шумекованы Парасат орденімен марапаттады
07.03.2026, 15:41
Бокстан жастар арасындағы Futures Cup турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
06.03.2026, 10:03
Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді
05.03.2026, 11:11
Юлия Путинцева WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
05.03.2026, 10:00
Дзюдо: Аустриядағы Гран-приге баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды
04.03.2026, 18:12
Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
03.03.2026, 15:32