«Астана» – «Галатасарай» матчының көрермендері үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады
30 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 22:00-де «Астана-Арена» стадионында Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» мен түркияның «Галатасарай» клубы арасындағы кездесу өтеді.
Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, сағат 19:00-ден бастап матчтың аяқталуына дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы қиылысы, Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін қоғамдық көліктер қозғалысы шектеледі.
Көрермендер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Сағат 19:00-де Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионы, «Қазақстан» спорт сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық цирк және Жеңіс даңғылы бойындағы «Жастар» театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды тасымалдайды.
Жол жүру құны – 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға – 40 теңге. Аталған автобустарда жол жүру билеті жарамсыз. Сондай-ақ, «Астана-Арена» стадионына №10, 12, 27, 40, 43, 51 қоғамдық көліктерімен қатынауға болады.
Сонымен қатар, көрермендер №10, 12, 27, 28, 70, 40, 43, 51, 55 және 61 қоғамдық көліктерімен қайта алады. Аталған маршруттар сағат 01:00-ге дейін қатынайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05