Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы ойнайтын Ұлттық құрама футболшылары анықталды
Юрий Красножан бастаған Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Нидерланд және Латвия құрамаларымен өткізетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп жазады ҚФФ сайты.
Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар:
Қақпашылар: Сергей Бойченко («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»), Андрей Сидельников («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Берік Айтбаев («Атырау»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марк Гурман («Қайрат»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Малый («Ордабасы»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия);
Жартылай қорғаушылар: Қазбек Гетериев («Ертіс»), Бауыржан Жолшиев («Астана»), Тимур Досмағамбетов («Тараз»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Ұлан Қонысбаев («Қайрат»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Жамбыл Көкеев («Қайрат»), Альмир Мухутдинов («Тараз»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Самат Смақов («Ертіс»);
Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе»), Алексей Щеткин («Астана»).
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2015 жылдың 5 қазанында Астанада жиналады. Нидерланд құрамасымен ойын 10 қазан күні 22:00-де басталады. Кейін қазақстандық футболшылар Ригаға жол тартып, 13 қазан күні Латвия құрамасымен кездеседі. Бұл ойындармен Қазақстан Ұлттық ЕУРО-2016 іріктеу турнирін аяқтайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05