Басты Жаңалықтар Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды

Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды

Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды.

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда Тәжікстан өкілі Бехруз Хуршедзодамен жолықты. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Қадырбек Шынбаевқа беріп, қазақстандық спортшы 3:0 есебімен басым түсті.

Осы нәтижемен Шынбаев Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы аралас жекпе-жектен екінші чемпионы атанды.

Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта Еркінғали Бүркіталин алтын медаль иеленген еді.

Бөлісу