Басты Жаңалықтар Азия ойындарының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды

Азия ойындарының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды

Азия ойындарының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды

Азия ойындарының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары велоспорт, триатлон, каратэ және қазіргі бессайыстан жүлдеге қол жеткізді.

Арлан Жанабай — триатлоннан қола жүлдегер

Қазақстандық триатлоншы 53:11 нәтиже көрсетіп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Бұл — Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Рината Сұлтанова — велоспорттан Азия ойындарының чемпионы

Рината Сұлтанова жекелей уақытқа жарыста 36:23.72 нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Алексей Луценко — велоспорттан Азия ойындарының чемпионы

Алексей Луценко да жекелей уақытқа жарыста топ жарып, ел қоржынына екінші алтын медальді қосты. Ол бұған дейін Инчхон, Джакарта және Ханчжоудағы Азия ойындарында осы бағдарламада чемпион атанған.

Жоламан Биғабыл — каратеден Азия ойындарының чемпионы

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Биғабыл финалда Өзбекстан өкілі Хумойынмырза Халимовты жеңіп, Қазақстанға үшінші алтын медальді әкелді.

Софья Берульцева — каратеден Азия ойындарының чемпионы

68 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Софья Берульцева финалда Таиланд спортшысынан басым түсіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынындағы төртінші алтын.

Қазақстан құрамасы — қазіргі бессайыстан қола жүлдегер

Ерлер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Қола жүлдені Тихон Варехин, Темірлан Абдраимов, Лев Чувашов және Кирилл Стадник иеленді.

🇰🇿 Осылайша қазақстандық спортшылар Азия ойындарында алтын және қола медальдармен қоржынды толықтырып келеді.


Бөлісу