Басты Жаңалықтар Бессайысшыларымыз Азия ойындарының финалына жолдама алды

Бессайысшыларымыз Азия ойындарының финалына жолдама алды

Бессайысшыларымыз Азия ойындарының финалына жолдама алды

Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындары аясында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жартылай финал аяқталды.
Жартылай финалдың А тобында Тихон Варехин барлық сынның қорытындысы бойынша, 1520 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Ал Темірлан Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.
В тобында Кирилл Стадник 8-орынға тұрақтаса, Лев Чувашов 6-орынды иеленді.
Осылайша, төрт спортшымыз да жарыстың шешуші кезеңіне өтті.
Финал 20 қыркүйекке жоспарланған.

Бөлісу