Аударыспақтан Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан құрамасының спортшылары екі алтын және бір күміс медаль иеленді.
60 келі салмақта сынға түскен Кәрім Нұрталап финалда Қырғызстан өкілін жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Артынша Сайлау Мұхаммеджан 80 келі салмақта топ жарып, ел қоржынына екінші алтынды қосты.
Осы салмақта Расул Құрайыш финалда Қырғызстан спортшысына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз - 6 қыркүйек аралығында өтеді. Биылғы додада 3 мыңға жуық спортшы 43 спорт түрінен бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапында 155 спортшы жүлдеге таласады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05