Басты Жаңалықтар Қазақстандық желаяқ Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Қазақстандық желаяқ Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Қазақстандық желаяқ Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында ел намысын қорғаған елордалық спортшы Виктория Ан екінші алтын жүлдесін жеңіп алған. Ол 100 және 200 метр қашықтықтарда жеңіске жетіп, жарыстың екі дүркін чемпионы атанып отыр. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Қазақстандық атлет 100 метрге жүгіруде мәреге бірінші болып жетіп, чемпион атанған. Виктория қашықтықты 11,85 секундта еңсеріп, осы маусымдағы үздік нәтижесін тіркеген.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Лайло Аллаберганова иеленсе, үздік үштікті Түрікменстан спортшысы Валентина Мередова түйіндеген.
Ал бір күн бұрын Виктория Ан 200 метрге жүгіруде де топ жарып, алтын жүлдені жеңіп алған еді. Ол аталған қашықтықты 24,05 секундта бағындырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Сонымен қатар, 200 метрдегі 24,05 секундтық нәтиже Виктория Анға Жапонияда өтетін XX Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Бөлісу