Ақтамберді Сарыұлының 350 жылдығына арналған ұлттық спорт мерекесі өтті
Абай облысының Аягөз қаласында қазақтың қайсар рухын жырлаған батыр, даңқты жырау Ақтамберді Сарыұлының 350 жылдық мерейтойы аясында ұлттық спорт түрлерінен ауқымды жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы, қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы, «Әлем Барысы» атағының иегері Айбек Нұғымаров сөз сөйлеп, батыр бабаның ерлігі мен ел тәуелсіздігі жолындағы қайсар рухы бүгінгі ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге екенін атап өтті.
Қазақ күресінен өткен бәсекеде еліміздің таңдаулы балуандары боз кілемде күш сынасып, жанкүйерлерге тартысты белдесулер сыйлады. Жарыстың басты мақсаты – жергілікті жастарға тәжірибелі балуандардың өнерін жақыннан көрсетіп, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болды.
Сонымен қатар, мерейтой аясында дәстүрлі садақ ату, аударыспақ және аламан бәйге жарыстары ұйымдастырылып, ұлттық спорттың көрігін қыздырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы