Басты Жаңалықтар Қазақстан күрес федерациясы балуандар мен жаттықтырушыларға арналған арнайы сыйақы жүйесін бекітті

Қазақстан күрес федерациясы балуандар мен жаттықтырушыларға арналған арнайы сыйақы жүйесін бекітті

Қазақстан күрес федерациясы балуандар мен жаттықтырушыларға арналған арнайы сыйақы жүйесін бекітті

Қазақстан күрес федерациясы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қолдау мақсатында арнайы ақшалай сыйақы жүйесін енгізді.

Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттарында жүлде алған қазақстандық балуандар мен олардың бапкерлері мемлекет тарапынан төленетін сыйақымен қатар, Қазақстан күрес федерациясының арнайы сыйақысын да алады.

Жаңа жүйе спортшылардың ынтасын арттыруға, жаттықтырушылардың еңбегін лайықты бағалауға және ұлттық құраманың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған.

Сыйақы мөлшері (спортшы | бас бапкер | жеке бапкер)

Олимпиада ойындары

🥇 150 000 АҚШ доллары | 15 000 АҚШ доллары | 30 000 АҚШ доллары

🥈 100 000 АҚШ доллары | 10 000 АҚШ доллары | 20 000 АҚШ доллары

🥉 50 000 АҚШ доллары | 5 000 АҚШ доллары | 10 000 АҚШ доллары

Әлем чемпионаты

🥇 100 000 АҚШ доллары | 10 000 АҚШ доллары | 20 000 АҚШ доллары

🥈 50 000 АҚШ доллары | 5 000 АҚШ доллары | 10 000 АҚШ доллары

🥉 25 000 АҚШ доллары | 2 500 АҚШ доллары | 5 000 АҚШ доллары

Азия ойындары

🥇 100 000 АҚШ доллары | 10 000 АҚШ доллары | 20 000 АҚШ доллары

🥈 50 000 АҚШ доллары | 5 000 АҚШ доллары | 10 000 АҚШ доллары

🥉 25 000 АҚШ доллары | 2 500 АҚШ доллары | 5 000 АҚШ доллары

Азия чемпионаты

🥇 30 000 АҚШ доллары | 3 000 АҚШ доллары | 6 000 АҚШ доллары

🥈 20 000 АҚШ доллары | 2 000 АҚШ доллары | 4 000 АҚШ доллары

🥉 10 000 АҚШ доллары | 1 000 АҚШ доллары | 2 000 АҚШ доллары

Қазақстан күрес федерациясының мәліметінше, бұл бастама халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсететін балуандар мен олардың жаттықтырушыларын ынталандыруға, сондай-ақ елімізде күрес спортын одан әрі дамытуға бағытталған.


Бөлісу